• Ucan
    (Ctrl + солға) Алдыңғы тарау
  • Ұшан

    Екінші тарау: Келісімшарт

     

    — Келістік пе?

    Не дерімді білмей аң-таң қалдым. Қанша тұрғанымды білмеймін, сөз бақпай қалыппын.

    — Мақсат, сонымен? — деп айтқанда есіме келдім.

    — Шәкіртім бол дейсіз бе? Жоқ, бұндай ұсынысқа келіспесем болмайды ғой!

    — Сенімдісің бе? Есесіне бір тілегімді орындауың керек болады.

    — Қандай?

    — Бұл енді құпия болады. Келіссең, кітабың басылып шыққанда бірақ білесің. — деді, — Екеуіміз келісімшарт жазайық, соңында мен тілегімді жазам да, сол қағазды екіге бүктеп қоям. Кітап басылып шықса, сол қағаздың ішін ашасың да, жазып қойған тілегімді орындайсың. Қалай?

    Бір жағынан: заңды түрде түк істеудің керегі жоқ секілді. Ішінде «өзіңді өлтір» деген сияқты қуған нәрсе я маған ұнамай қалатын болса, тілегін орындамай-ақ қоя аламын ғой... Ақыры бұндай жазушы ұстазың болайын деп тұрғанда, ондайды кейінге қалдырып, тезірек келесе салған дұрыс болады-ау, ұсынысын қайтарып алмай тұрғанда.

    — Жақсы, келістік! — деп қолымды создым.

    — Бопты! Жүр онда, саябаққа барып, таза ауада келісімшарт жазайық. — деді.

    Сөйтіп, бес минут жердегі орталық саябаққа бардық. Мұса ағай сәкіге отырып, пәрпелінен бір қағаз бен қалам алып шықты.

    — Ал енді есіміңді айт. — деп аты-жөнімді жазып қойды, жанына өз аты-жөні жайғасты.

    — Ал енді шарт: келесі жылдың жазына дейін сенің бір кітабынды баспадан шығару. Сол үшін саған кітап жазуға көмектесу, жазушы қабілетіңді арттыру, баспамен байланысып, кітап шығуына барынша күш салуым керек. Ақыры шартты қалай да болсын орындауым керек. — деп тізіп шықты.

    — Шарт орындалмаса не істейміз? Саған бірдеңе беруім керек пе, қайтейік? — деп маған қарады.

    — Жоға, қаншама уақытыңызды маған бөлесіз ғой ақыры, бірдеңе сұрап нем бар. Керісінше мен сізге қарыз боп қалуым керек қой. — дедім.

    — Жақсы. — деді де, — Шарт орындалмаса түк болмайды. — деп жазып қойды.

    — Ал шарт орындалса, сен менің бір тілегімді орындауың керек. — деп маған көрсетпей бірдеңе жаза бастады.

    Жазып біткен соң қағазды бүктеп-бүктеп конвертке салды да, бетін жапсырып тастады. Маған берді де «Келесі жылы бірақ ашарсың» деп жымиды. Жақсы деп нөмір алмастық та, екі жаққа тарадық. Мен деген мәз болып, қуаныштан үйге секіре жөнелдім.

  • Ucan
    (Ctrl + солға) Алдыңғы тарау
  • Пікірлер жоқ