-
Қарапайым бір қабатты үйден тұратын көшеде қар жапалақтап жауып жатыр. Аспан сұр түске боялып, кез-келген жанның бойына мұң әкелетіндей.
Арасында қарғалардың ащы дауысы тып-тыныш көшенің ортасында жаңғырып шығуда.
Бұл көше жайдан жай тыныш емес. Жан-жақтан естіп жүрген жаңалықтардан кейін халық үйден шықпауды жөн көрді.
"Бұл жаңа карантин бе?"
"Жоқ."
Бірақ бұл әлем үшін карантинненде сұмдық адам шығынын әкелді.
Көшеде әртүрлі ескерту тақталары, үрейлі адамдардың көтерілісі, халықтың жаппай үкіметті кінәләуі, теледидардан көрсетіліп жатқан сұмдық жаңалықтар, интернеттегі әртүрлі теориялар, әлем бойынша қарапайым өмірдің үлкен өзгерісі.
Осының бәрі жалғыз - "Айырбас Терминал"-дың зардабы.
Ғалымдар бұл құбылыс басталғалы әр күн сайын жаңа теориялар мен жаңа ақпараттарды халыққа жылдам жеткізуде. Ал олардың ең басты теориясы, Айырбас Терминалдың пайда болуы өзге ғаламшарлықтармен тікелей байланысты.
* * * * * * * * * * * * * * * * * * * * *
Полиция бөлімшесі. Кішкентай бөлімше іші шуға толы. Телефонға келген қоңыраулар бірінен соң бірі келіп жатыр. Бөлімше операторлары барынша хабарласқан адамдарға сабырлы түрде жауап беріп, көмектерін беруге тырысып жатыр.
-Полиция! Полиция!!! Уәәә! Менің балам!.... Менің балам!...
-Сәлеметсізбе! Бұл полиция бөлімшесі! Мән жайды дұрыстап, түсіндіріп айта аласыз ба?
-Менің баламды өлтірдііі!!! Өтініш! Көмектесіңдерші!!!
-Ханым, дәл қазір сізге ауыр болып тұрғанын түсінемін. Дәл қазір біз сіздің мекен жайыңызды жылдам анықтау арқылы тіркедік. Енді құтқару жасағы сіздің үйіңізге жіберілді. Бірақ бізге нақты не жағдай болғанын түсіндіріп айтып бере аласыз ба?
-Балам-ау! Балам-ау!
Телефон тұтқасын қойып тастады.
-Фух!-деп маңдайын ұстаған Еркін бүгіндікке қатты шаршады. Елде болып жатқан нәрселер мен демалыссыз жұмыстың әсерінен ол қатты шаршаған еді.
Екі жыл бұрын бойында жұмыс істеуге деген құлшынысы тасып тұрған Еркінмен оның қазіргі жағдайы жер мен көктей. Сақал мұрты еш күтімсіз жабайы өсіп кеткен. Көзінің асты ісіңкіреп, терлеп-тершіп отыр.
Жан-жағында әртүрлі операторлардың шошыған халықпен сөйлесуі, үлкен бір миға әсер етердей шуға ұласты. Еркін бір жерге тесіліп қарап отырып, ойға салынып кеткен еді.
Бір уақытта оған жаман көзбен қарап тұрған, бастығының ашулы көзқарасын байқай салысымен, өз-өзіне келіп, қағазына әлдебір маңызды бірдеңе түрткендей әрекеттенді.
Бастығы оған барар жолмен асықпай, алдына келді де, үнсіз көңілі толмаған түрмен оған қарады. Ашулы бейнесі бір мезетте өзгергендей, сабырлы түрмен үн қатты.
-Иә...Білемін Еркін. Шаршаған шығарсың. Бірақ бізді де түсін. Онсызда елде неше түрлі жағдай болып жатыр. Сол үшін біз халық үшін шынымен бар көмегімізді беруіміз керек.
Еркін үндемеді. Бірақ оның бәрінен шаршағаны түрінен анық байқалатын. Бастық көзілдірігін ақырын шешті.
-Құдай қаласа, арғы күні сені демалысқа жіберетін шығармын. Отбасыңмен көрісіп қайтарсың. Сені алмастыратын адам тауып қойармын. Қаражат жайында еш қорықпа. Оған қоса үкіметтен бізді үлкен сыйақы күтіп тұр.
-Рахмет - деп Еркін сөзді бөліп жіберді.
-Мен осында қаламын...Демалысты кейінге қалдырайын...
-Жарайды. Әңгіме жоқ- деп бастығы бір жағынан таң қала, бір жағынан ойлана жауап берді де өз кабинетіне қарай кетті.
Түрі бозарып кеткен Еркін есін бір жинап алып, орындығмен бірге компьтеріне қарай бұрылды.
Бұрылған бойы компьютерін бірдеңе шұқылап, жаза бастады. Бұл жолы ол жұмысқа шынымен көңілін бөлді.
Түнгі уақыт болды. Кеңседе Еркіннен басқа жұмысшылар сирек отыр. Ар жақта біреуі есінеп жатса, біреуі принтерден қағаз шыққанын күтіп отыр.
Ал Еркіннің көзінің асты біршама ісіп кеткен. Банағы қалпында емес, шаршағаны түрінен бірден білініп тұр. Қолына пластик стақандағы кофесін бір ұрттады да, әрі жалғастырды.
Бір кезде кеңседе есінеп отырған жігіт сөйледі.
-Осымен болатын шығар, ә? Басқаларынан гөрі біраз жұмыс жасадық.
-Мына бәле пайда болғалы бері жұмыс тым қиындап кеткен сияқты ғой. - деп екі қолын маңдайына қойып, шаршаған түрін көрсетті.
Қасындағысы жалт қарады да, бірнеше секунд үзілістен кейін жауап қатты.
-Қайтеміз енді. Солай болып қалды да. Осындай қиын заманда қиқымдай болсын көмегіміз тиіп жатқан шығар. Өз басым, ештеңеге қиналмаймын. Шүкір. Жақсы.
-Өй қойшы, әй сенде! Ажалың жақындап қалғандай, періште бола қалдың ғой сенде. Бір мұңымды бөлісейін десем. - деді күйзелген түрімен.
-Еркін! Сен қалайсың? Бағандан бері тоқтамастан робот секілді жұмыс істеп жатсың ғой. Амансың ба өзі?
Еркін артқа бір қарады.
-Жаман емес. Болады.
Қайта пернетақта теріп, жұмысын жалғастырды.
-Өй қойшы сенде! Көзіңнің асты іспек болып, "Бәрі жақсы" деп қояды.
Біраз уақыт тыныштық орнады. Тек Еркін теріп жатқан пернетақта дауысы кеңсе ішінде сәл жаңғырып тұр. -
(Ctrl + солға) Алдыңғы тарау
-
Пікірлер жоқ